Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королін Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.

Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтағанын жазғанбыз.