Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

анон
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.

Айта кетейік, кеше Самара-Шымкент тасжолында, Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard көлігі соқтығысты. Апат салдарынан минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты. Барлығы да Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған, салдарынан жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Соңғы жаңалықтар