Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза болды

жол апаты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Жол апаты Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында болды. Онда 8 шетелдік көз жұмды.

Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard көлігі соқтығысты.

жол апаты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

- Апат салдарынан минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты. Барлығы да Өзбекстан Республикасының азаматтары. Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған, салдарынан жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Ақтөбе-Атырау тасжолындаекі жеңіл көлік соқтығысып, онда да 8 адам қаза тапқан болатын. Ол кезде бір көлік түгел жанып кетті.

Соңғы жаңалықтар