Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM — Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

концерт
Фото: Ақорда

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алған болатын. 

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың еліміздегі ресми сапары аясында қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумы өтіп жатыр. Іс-шарада сөз алған Ерлан Қарин қазақ-қырғыз бауырластығының түп тарихына тоқталып, қос халықтың алып перзенттері арасындағы достықтың озық үлгілерінен мысал келтіргенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті.

Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Ән
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда
Концерт
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар