Қазақстанның мәдениет қайраткерлері Қырғызстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды

мәдениет
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды ғасырлар бойы қалыптасқан достықтың, ортақ мәдениеттің, ынтымақтастықты дамытудың белгісі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі белсенді дамытуға бағытталған қадам ретінде қарастыру керектігін атап өтті. 

мәдениет
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мына адамдар марапатталды:

«Данакер» орденімен:

- Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы;

- Мұхтар Шаханов – ақын, дипломат, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі. 

мәдениет
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

«Достық» орденімен:

- Сауытбек Әбдірахманұлы Әбдірахманов – публицист, әдебиеттанушы, журналист, кино сыншысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты;

- Мырзатай Жолдасбеков – Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы;

- Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі;

- Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімі;

- Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

- Бауыржан Жұмаханұлы Омаров – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор;

- Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры. 

мәдениет
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

«Даңқ» орденімен:

- Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова – Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті.

«Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағымен:

- Алтынбек Қоразбаев – кеңестік және қазақ композиторы, әнші;

- Роза Қуанышқызы Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі және кино актрисасы. 

мәдениет
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Даңқ медалімен:

- Дидара Күлкенова – Қазақстан Республикасы «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас директоры – редакторлар кеңесінің төрайымы;

- Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов – Қазақстан Республикасы, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасымен:

- Нұрлыбек Саматұлы Сафин – «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы;

- Ерлан Батташұлы Сыдықов – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры.

- Ербол Жақсыгелдіұлы Хабылбеков – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры.

Соңғы жаңалықтар