20:30, 06 Қараша 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев санаулы сағаттардан кейін Дональд Трамппен кездеседі
ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де (Вашингтон уақыты бойынша сағат 18.00-де) күтіледі, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойған еді.
Сонымен қатар Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездескен еді.