Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королін туған күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлаған едік.