Кәсіпкерлікке кері әсер ететін талаптар «реттеуші гильотина» арқылы іріктеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті реттеуші актілердің тізілімінен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзған кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі цифрлық үкіметті қолдау орталығының базасында құрылғанын және Smart Data Ukimet платформасында іске қосылғанын қосымша атап өтеміз. Тізілім — реттеуші актілерді тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты «реттеуші гильотина» әдісін қолдануға мүмкіндік беретін міндетті тетік. Тізілім реттеуші актілерге олардың жаңа реттеуші саясатына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу мерзімдерін айқындауды көздейді. Тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босату – тізілімнің ерекшелігі», - деді министр Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2022 жылы мемлекеттік органдар дайындаған реттеуші актілер тізбесі қайта тексеріліп жатыр.

«2022 жылы мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылды және 16 ақпараттық жүйе Smart Data Ukimet-ке интеграцияланды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қолда бар ақпараттық жүйелерінде Тәуекелдерді басқару жүйесі деректерінің 29 көрсеткішін жинау бойынша техникалық жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылы бақылаудың қалған 35 саласын автоматтандыру жоспарланған. Осыған байланысты Smart Data Ukimet базасында автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмыс істеуі мақсатында мемлекеттік органдардан жетекшілік ететін ақпараттық жүйелерден базаны өз көрсеткіштерімен толтыру талап етіледі», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар
telegram