«Кәсіпқор» холдингі Ұлыбритания мен Австралиядағы әріптестерімен еліміздегі әлемдік деңгейдегі колледждер құрылысына қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 21 - 25 қазан аралығында «Кәсіпқор» холдингі Ұлыбританиядан және Австралиядан келген шетелдік әріптестерімен Астана мен Алматы қалаларындағы әлемдік деңгейдегі колледждер құрылысына қатысты мәселелерді талқылау үшін кездесулер өткізді, деп хабарлады «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ баспасөз қызметінен.
«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ шетелдік әріптестермен кездесу барысында болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Аталған кездесулерге TAFE Directors Australia Inc.(Австралия), Pearson Education Ltd. (Ұлыбритания), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Polygon International, «Astana Best Travel» ЖШС, «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» ЗТБ, «Белкамит» АҚ, «BI-Group» ЖСШ, Ұлттық Телекоммуникация қауымдастығы, «Континент Инвест Групп» холдингі» ЖШС, «Базис» ҚК» ЖШС, «High Vill Service» ЖШС, «Целингидромаш» АҚ, Қазақстан Туристік қауымдастық өкілдері және холдингтің басқа да қоғамдық әріптестері, ҚР БҒМ мен РҒӘО өкілдері, холдинг қызметкерлері қатысты. Кездесулер «Кәсіпқор» холдингі кеңсесінде, сондай-ақ, әріптестер территориясы базасында өтті.
Холдингтің шетелдік әріптестерінің бірі TAFE (Technical and Further Education) -Австралиядағы ірі оқу орны болып табылады. TAFE дипломы бүкіл әлем бойынша жұмысқа тұру мүмкіндігін береді. TAFE бірлестігінің барлық мүшелері Австралия Достастығымен бекітілген және тіркелген оқу орындары болып табылады. TAFE Холдингтің Астана және Алматы қалаларындағы Құрылыс және АКТ мектептері бойынша шетелдік әріптесі ретінде таңдалған.
Холдингтің Астанаға іссапармен келген кезекті шетелдік әріптесі - Pearson (Ұлыбритания) әлемнің 85-тен астам елімен жұмыс істейді және қазақстандық колледждерді әлемдік стандарттарға сәйкес сертификаттауға құқығы бар. Әлем бойынша 400-ден астам оқу орындары бар және 1000-нан астам ТжКБ орындарымен ынтымақтасады. Pearson Холдингтің Астана және Алматы қалаларындағы Инженерия, Мейманхана ісі және Туризм мектептері бойынша шетелдік әріптесі ретінде таңдалған.
«Кәсіпқор» Холдингінің шетелдік және қазақстандық әріптестерімен кездесулері өте мазмұнды, әрі тиімді өтті. Колледждер макеттері мысалында құрылыс жоспарлары жете қарастырылды, қазіргі кездегі құрылыс мәселелері, тәжірибе алмасу және Қазақстандағы ТжКБ реформалау мәселелері талқыланды.
Холдинг қызметкерлерімен кездесулер кезінде TAFE және Pearson колледждерінің қызмет сапасын бағалау жүйесіне қатысты мәселелерді, түлектердің жұмысқа орналасу мониторингі, болашақ колледждерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктері, әріптес колледждерді таңдау мәселелері талқыланды. Pearson өкілдері Andrew Taylor мен Mark Woodcock әріптес колледж таңдау мәселесіне қатысты колледждерді таңдаудың нақты өлшемдерін белгілеп, колледждің әріптестікке дайындығын анықтау қажеттілігі мен ықтимал әріптес колледждің Холдингпен көзкарастары мен мақсаттары ұқсас болуы тиіс екендігін атап өтті. Ал Индустриалды Кеңестің рөлін анықтауға қатысты нарықтың ірі ойыншыларын тарту керектігін белгіледі.
Кездесу кезінде Холдингтің «Континент Инвест Групп» холдингі» ЖШС және «Белкамит» АҚ сияқты қоғамдық әріптестерімен скайп-конференциялар ұйымдастырылды. Келіссөздер кезінде Қазақстандағы сұранысы жоғары техникалық мамандарды дайындау, Астана және Алматы қалаларындағы колледждер түлектерін жұмысқа орналастырудың жоғары пайызын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінің бірінде: «Қазір бізде тиімді кәсіби-техникалық білім беруді қалыптастыру мәселесі шешілуде. Жақын арада кемінде 2 әлемдік деңгейлі колледждер құруымыз керек. Біз бұл істі бастадық», - деген болатын.
«Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ шетелдік әріптесті оның еліндегі ТжКБ жағдайын алдын-ала саралап, алдыңғы жобаларын талдап барып таңдайды. Қазіргі таңда Холдингтің 10 шетелдік әріптесі бар.