19:06, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Кәсіпорындар директорлары РФ Үкіметінен Қазақстанның дағдарысқа қарсы саясаты тәжірибесін пайдалануды өтінді
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – 2009 жылғы ақпанның 25-інде Мәскеудегі Александр-хаузда «Бизнес-ынтымақтастық» кәсіпорындарды қорғау ұйымы «Дағдарысқа қарсы бастама» қозғалысымен бірлесіп, «Бизнестің дағдарысқа қарсы кеңесі» конференциясын өткізді.
Онда ресейлік кәсіпкерлер Ресейдегі шағын және орта бизнестің күрделі жағдайларын талқылады және Тұғырнама 2009 ? Ресейлік дағдарысқа қарсы жоспарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференцияда КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев, РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Михаил Гришанков, Ресей аймақтық банктері қауымдастығының президенті Анатолий Аксаков, РФ Қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак, «Бизнес-Ынтымақтастық» кәсіпорындары қорғау ұйымының төрайымы Яна Яковлева, Экономика жоғары мектебінің ғылыми жетекшісі Евгений Ясин және басқалар сөз сөйледі.Кеңесте «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлер одағының жетекшісі Азат Перуашевтің және «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі ресми өкілі Владимир Дворецкийдің сөздерін талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Онда олар нақты сектордың ірі ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарды да қолдауға бағытталған ҚР Үкіметінің 2008 жылғы қарашада қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар кешені туралы айтып берді. Бұл шағын және орта бизнесті қаржылық қолдаумен қатар, мемлекеттің іс-қимылының ашықтығы, салықтық әкімшілендіру реформасы, бақылайтын және тексеретін шенеуніктердің уәкілеттігін қысқарту, шенеуніктердің және құқық қорғау органдарының кәсіпорындарды жоспардан тыс тексергені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілігі, мемлекеттік банктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары үшін бонустарды алып тастау.«Бизнестің дағдарысқа қарсы кеңесі» қорытындысы бойынша ақпанның 26-сында Интерфаксте баспасөз мәслихаты өтті, онда ресейлік кәсіпкерлер Ресей үкіметінен ең алдымен Салық кодексін өзгерту және шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауда қазақстандық тәжірибені ескеруді ұсынды.«ҚР экономикасы салалар құрылымы жағынан да, проблемалар бойынша да Ресейге ұқсас. ҚР экономикалық саясатының көптеген шаралары Ресей кәсіпорындары үшін де пайдалы. Қазақстанда екінші жыл шағын және орта бизнесті теексеруге мораторий жарияланған. ҚР мемлекеттік бюджеті мұнайдың барреліне 25 доллар есебімен жасалған. Мемлекеттік шығындар қысқарған», - делінген баспасөз мәслихатына ұсынылған «Тұғырнама 2009. «РФ үкіметі үшін бизнестің дағдарысқа қарсы ұсыныстары» атты құжатта. Ресейлік кәсіпкерлер бизнесті қолдаудың қазақстандық әдістерін дағдарысты кезеңде шағын және орта бизнестің жағдайын жеңілдететін басқа да шаралармен толықтыруды ұсынады.