Каспий маңы елдерінің флоттары қолбасшылары бірыңғай комитет құру мәселесін жыл соңына дейін қарайды

"Каспий маңы елдерінің Әскери теңіз күштері мен Әскери теңіз флоттары қолбасшыларының комитетін құру мәселесі талқыланатын кездесу жыл соңына дейін өтеді деп жоспарланған", - деді В.Чирков.
"Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Каспий теңізіне шығатын өзге де елдер флоттарының тығыз қарым-қатынасы аймақта бейбіт және өзара тиімді қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Байқаулар бір-бірімізді жақсы түсінуге септеседі", - деп қосты бас қолбасшы.
Ол сондай-ақ мұндай комитетті құру жұмысы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгудың шешіміне сәйкес жүргізіліп жатқанын еске салды. Жаңа құрылымды құру мәселелері талқыланған аймақтар флоттарының бас қолбасшыларының жұмыстық кездесуі Петербургтегі халықаралық әскери-теңіз салоны барысында ұйымдастырылған болатын.