Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері өзара іс-қимылды нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде Халықаралық сауда орталығында Каспий маңындағы елдердің Сыртқы істер министрліктері конференциясының отырысы өтуде.
None
None

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқаруда. Кездесуді ашқан РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Каспий маңы елдері арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты атап өтті. Бизнес пен мәдени-гуманитарлық салада да ынтымақтастық белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Ол 2010 жылы болған ІІІ Каспий саммитінде мемлекет басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесін белгілеуге, теңіздегі қауіпсіздік мәселесі мен балық аулау саласына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктегенін еске салды.

«Бүгін біз осы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жасалып жатқан шараларды талқылаймыз. Негізгі бағыттар мен ұсыныстарды айқындаймыз. Бұл іс-шаралардың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін арамыздағы ынтымақтастық тетігін нығайту, жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мүддесі үшін ықтимал жаңа алаңдар құру қажет екені сөзсіз», - деді С.Лавров.

Соңғы жаңалықтар