Каспий теңізі жағасында адасып кеткен 4 адам табылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Каспий теңізі жағалауында жоғалған Бисекті кентінің 4 тұрғынын іздестіру операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
16 наурыз күні Каспий теңізіне балық аулауға шыққан Бисекті кентінің екі тұрғыны үйлеріне қайтып оралмаған. Іздеуге төрт туысқаны шыққан. Кейіннен жоғалған екі жігіт үйлеріне келген. Енді іздеуге шыққан төрт адам жоғалып кеткен. Үйден кеткеніне бір күн өткенін күтпей жақындары құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Іздестіруге оншақты адам жұмылдырылды. Тікұшақпен шыққан құтқарушылар оларды Новинский аралдарында адасып жүрген жерінен тапқан. Олардың көліктері сынып, навигаторды бағдарға алған. Артынша ол да істен шыққан. Көмек уақытында жетті», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.