Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты нақты шешім мен Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган теміржолының пайдалануға берілуі - Қазақстан-Иран қатынастарындағы маңызды мәселе - ҚР Елшісі

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Тегран қаласында ҚР елшісі Бағдат Әміреев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты нақты шешім мен Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган теміржолының пайдалануға берілуі - Қазақстан-Иран қатынастарындағы маңызды мәселе - ҚР Елшісі

Салтанатты рәсімнен кейін өткен әңгіме барысында М.Ахмадинежад Иран Қазақстанды тереңде жатқан тарихи байланыстары бар бауырлас және достас ел ретінде қабыл алатындығын жеткізді. Осы орайда ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тынымсыз күш-жігері үшін зор алғысын білдіріп, алдағы уақытта ол жұмыстар дами түседі деген үмітін жеткізді.

Өз кезегінде Б.Әміреев Қазақстан Иран мемлекетін жақсы көршілес дәстүрлі байланысқан достас мемлекет және маңызды әріптес ретінде қарайтындығына тоқталды.

Қазақстан дипломаты Каспий теңізі мәртебесіне қатысты нақты шешім мен тек Орталық Азия мемлекеттері мен Иранды ғана жалғастырып қоймайтын, Таяу Шығыс өңірі мен Парсы шығанағы елдерін Ресей және Еуропамен жалғастыруға мүмкіндік беретін Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган теміржолын тезірек пайдалануға беру екіжақты өзара іс-қимылдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады деп атап өтті.