Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Каспий теңізінде магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АЗЕРТАЖ.

а
Фото: AZERTAC

Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет орталығы жанындағы Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 20:45-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 29 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, кеше Данияда 2012 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі тіркелді.