Каспий теңізінде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Каспий теңізінде магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, жер сілкінісі Ленкоранда да сезілді.

Бүгін Өзбекстанда екі рет жер сілкінді
Фото: oxu.az

Бұл туралы Әзербайжан сейсмологиялық орталықтың жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 12 сәуір күні 22:46–да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Ленкорандағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 3,0 балл деп хабарланды.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай территориясында жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.