Каспий жағалауындағы құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер қайтарып алынды
Маңғыстауда мемлекетке құны 1,1 млрд теңге болатын Каспий теңізінің жағалауы бойындағы жерлер қайтарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд. теңге, ауданы 696,8 га құрайтын 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.
Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.
Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20%-ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.
Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.