Кәсіпкерлерді қолдау: «Даму» қорында қанша қаражат бар

АСТАНА. KAZINFORM – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсететін жалғыз мемлекеттік оператор. Қордың қызметі туралы басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев айтып берді.

қоры
Фото: market.kz

- Қазір біз қорда 35 млрд теңге жинап отырмыз. Бүгінде 9 банк ұсыныс беріп, 10 млрд теңге қаржы құйды. Бұрын кәсіпкерлер несиені банктен алады, сосын бізге келіп кепілдік алатын. Қағазбастылық болатын, екі мекемеге бару қажет еді. Біз банктермен бірлесіп қор құрғандықтан, толық шешімді банк қабылдайды, банк кепілдік береді, бізге келмей-ақ қойсаңыз болады, - деді Фархат Сәрсекеев Jibek joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.

Одан әрі басқарма төраға қазақстандық кәсіпкерлерге уәде берді.

Сәрсекеев
Фото: Дияр Бексұлтанов

- Кәсіпкерлік бағытын әрі қарай дамытуға бар күшімді, тәжірибемді салуға уәде беремін. «Даму» қоры кәсіпкерлермен де, банктермен де, Үкіметпен де жұмыс істейді. Бұл секілді мемлекетте басқа қор жоқ. Халықаралық тәжірибені пайдаланып шағын және орта бизнеске қолымнан келгенше үлес қосуға уәде беремін, - деп түйіндеді қор басшысы.

Уәде
Фото: Дияр Бексұлтанов

Шағын кәсіп ашқан жандар жеңілдетілген несие, субсидия тетіктерін қарастыратыны белгілі. Осы орайда бизнес жоспар құрып, жеңіл несие алуға қолдау көрсететін қызмет түрі пайда болған. Осы тұста кәсіпті енді қолға алған жандарға ескерту жасалды.

 

Соңғы жаңалықтар