Кәсіпқой бокс: Әлішер Әбдуәлім үндістандық қарсыласынан басым түсті

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әлішер Әбдуәлім (3-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Кәсіпқой бокс: Әлішер Әбдуәлім қарсыласынан басым түсті
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Отандасымыз Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, Үндістан өкілі Ашиш Чаудхаримен (3-0, 0 КО) қолғап түйістірді.
Төрт раундқа созылған айқаста, отандасымыз айқын басымдылық танытып, бірауыздан төрешілердің шешімімен 40-36 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Әлішер кәсіпқой мансабында төртінші рет жеңіске жетсе, қарсыласы алғаш рет жеңіліс тапты.

Кәсіпқой бокс: Әлішер Әбдуәлім үндістандық қарсыласынан басым түсті
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бокс кешінде Балауса Мұздыман, ағайынды Сабырхандар, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Баходир Жалолов және Отабек Холматов қатарлы боксшылар шаршы алаңға шығады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум