17:49, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугландты қабылдады
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугландты оның өтініші бойынша қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу барысында Қазақстан-Америка ынтымақтастығының мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыттары, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыстарды одан әрі дамыту туралы ойларын ортаға салды.