Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті жеңісімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Герлицті паралимпиададағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.