18:07, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Насер Рашид Мұхаммед әл-Наимиді оның өтініші бойынша қабылдады
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Насер Рашид Мұхаммед әл-Наимиді оның өтініші бойынша қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қ.Тоқаев екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейіне қанағаттанғандық білдіріп, Сенат пен Консультативтік кеңес (Мәжіліс аш-Шура) арасындағы байланыстарды нығайтуға ықылас білдірді.Төраға Катар Консультативтік кеңесінің басшысы Мұхаммед Бин Мүбарак әл-Хулейфиді өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.
Дипломат өз кезегінде «елінің Қазақстандағы бірінші елшісі бола отырып, екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күшін салатынын» атап өтті.Төраға сондай-ақ Корея Республикасының елшісі Ким Иль-Суды біздің еліміздегі дипломатиялық қызметін аяқтауына байланысты қабылдады.
Жоғарғы палатаның басшысы дипломатты табысты қызметі мен Қазақстан-Корея қарым-қатынастарын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Ким Иль-Суға Парламент Сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.