10:18, 08 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі терактіні айыптады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лаңкестікке қарсы күрес - барша әлем қауымдастығының міндеті. Өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 12 адамның өмірін жалмаған лаңкестік актіні айыптады.
Сәрсенбі күні таңертең Charlie Hebdo сатира журналының редакциясы орналасқан ғимаратқа баса- көктеп кірген террористер ішіндегі қызметкерлерге оқ жаудырып, артынша көлікпен іздерін суытқан болатын. Салдарынан 12 адам мерт болып, бірнеше адам ауыр жарақатанды.
«Париждегі терракт, журналистер қаза тапты. Зұлым іске ешқашан ақтау жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес - барша әлем қауымдастығының міндеті», - делінген Қ.Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасында.