Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Хишам Абдел Уаххаб Зарааны қабылдады

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтай отырып, жүздесушілер екі ел арасындағы экономикалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ көпсалалық тұрғыдағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және оның табысты дамып келе жатқанын қанағаттанғандықпен атап өтті.
- Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен достық қатынасты және көпсалалы байланыстарды тереңдетуге ерекше назар аударып келеді. Бүгін Эр-Рияд Астананың халықаралық арена мен Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі болып табылады,-деді Қ.Тоқаев.
Хишам Абдел Уаххаб Зараа Қазақстанның экономикалық және сыртқы саяси жетістіктері мен халықаралық аренадағы артып келе жатқан ролін жоғары бағалады және біздің еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі табысты өтетіне сенім білдірді. Елші Сауд Арабиясы аш-Шура Мәжілісі (Консультативтік Кеңес) Төрағасының Эр-Риядқа ресми сапармен келуге шақыруын Қ.Тоқаевқа табыс етті.
Кездесу соңында Қ.Тоқаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін дипломатиялық миссия басшысына алғыс айтты және кәсіби қызметінде табысты бола беруге тілектестігін білдірді.