Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау  туралы заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.