Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрияның Қазақстандағы елшісі Янош Балланы оның өтініші бойынша қабылдады

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрияның Қазақстандағы елшісі Янош Балланы оның өтініші бойынша қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Осыған байланысты төраға Қазақстан және Венгрия парламентшілерінің халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Сенатта Венгрия Парламентімен ынтымақтастық тобы құрылды, екі елдің жоғары өкілді органдары деңгейіндегі байланыстарды белсенділендіру екіжақты қарым-қатынастардың маңызды құрамы болып табылады.Венгрия дипломаты екі елдің рухани-тарихи бауырластығына тоқтала келіп, Қазақстан Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер арасындағы Венгрия әріптестерінің маңызды үштігіне кіретінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар