Қасым-Жомарт Тоқаев жастары жұмыссыз жүрген өңірлерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңында жастарды жұмыспен қамти алмаған өңірлер әкімдерінің жұмысына қорытынды берілуі мүмкін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастары жұмыссыз жүрген өңірлерді атады

«Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады.

Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

«Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр .