10:27, 14 Шілде 2022 | GMT +5
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жылдың 14 маусымында өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының қатысуымен бейнебайланыс режимінде өтетін кеңейтілген іс-шара барысында еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланатындығын айтқан еді.
«Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», - деген еді Әлихан Смайылов.