Қатар даму қоры «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін жөндеуге 8 млн доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қатар даму қоры «Әбу Наср әл-Фараби» мешітінің жөндеу және кеңейту жұмыстарына 8 000 000 АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Әбу Наср әл-Фараби» мешіті
Фото: Астана әкімдігі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қатарға ресми сапары барысында Қатар даму қорының бас директоры Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен кездесу өтті. 

— Келіссөз нәтижесінде қор Астанадағы «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін жөндеу, қалпына келтіру, кеңейту және рухани-мәдени орталық салу жобасына 8 000 000 АҚШ доллары қаржы бөлуге келісті. 

Құрылыс жұмыстары қордың бақылауымен жүргізіліп, толық аяқталған соң ҚМДБ-ға табысталады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Қазақстанда мешіттерді кім салады және кім қаржыландыратыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар