Катар тарапы Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккендерге сауықтыру орталығын салып бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар елі Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккендер үшін сауықтыру орталығын салу бойынша келіссөздерді жандандыруға әзір. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Катар Мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев мәлім етті.
None
None

Атап айтқанда, бұл жоба Катар даму қорының қарауында жатыр.

«Бұл тұрғыда жобалық-сметалық құжатнама бойынша мәселе туындады. Катар тарапы бұл жобаға 20 млн. доллар бөлуге даяр, яғни осы қаржы орталықтың құрылысын жүзеге асыруға жеткілікті болса. Сондықтан осы жобаға жауапты Шығыс Қазақстан облысының немесе Семейдің әкімдігі, сондай-ақ еліміздің басқа да органдары аталған инвестицияға орталықты салуға даяр болса, онда Катар жағы келіссөздерді жандандыруға әзір»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар