Қатонқарағайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығы аумағында орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзаққа тағы бір мәрте ілбіс түсіп отыр.

Ілбіс
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бұл Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Ілбістің фототұзаққа түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді, — делінген Катонқарағай ұлттық паркінің хабарламасында.

Мұндай бір сәтті кадр — орманшылардың тынымсыз еңбегі мен табиғатты қорғауға деген жанашыр көзқарасының айқын дәлелі.

Айта кетелік «Алтынемел» табиғи паркінде жүрген ілбіске GPS құрылғысы орнатылған еді. Сонымен қатар елде қанша ілбіс бар екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар