«Катсхейс» резиденциясында Қазақстан Президенті мен Нидерланды Премьер-Министрінің кездесуі өтуде

ГААГА. ҚазАқпарат - «Катсхейс» резиденциясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттеннің кездесуі өтуде.
None
None

Келіссөздер алдында Қазақстан Президенті мен Нидералды Үкімет басшысы арасында қол алысу рәсімі өтті. Осыдан кейін екі елдің көшбасшылары келіссөздер жүргізу алаңына бет алды. Мемлекет басшысының осы жолғы Нидерландыға сапарының негізгі мақсаты екі ел арасындағы саяси сұхбаттастықты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ықтымақтастықты кеңейту әрі Қазақстанның халықаралық аренадағы сыртқы саяси бастамаларын алға жылжыту болып табылады. Келіссөздердің қорытындысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға, сонымен қатар қазақстандық-нидерландылық іскерлік кеңесті құру туралы келісімге қол қою жоспарланған. Айта кетейік, Нидерланды корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рютте 1967 жылдың 14 ақпанында Гаага қаласында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ол әр жылдары «Unilever» компаниясында түрлі лауазымды қызмет атқарған. Сонымен қатар М.Рютте елдің еңбек және әлеуметтік қорғау мемлекеттік хатшысы, білім, мәдениет және ғылым мемлекеттік хатшысы, Өкілдер палатасының депутаты болған. 2010 жылдан бастап Нидерланды Үкіметіне басшылық жасайды.

Соңғы жаңалықтар