Қатты ағыс салдарынан Бұқтырмадағы көпір шайылып кетті - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатон-Қарағай ауданының Өрел және Жамбыл ауылдарының арасында Бұқтырма өзенінің қатты ағысымен бөрене көпір шайылып кетті.
None
None

Түнде қалыптасқан жағдайға байланысты Өскемен-Зырян жолының 430-450 шақырымы аралығындағы учаскеде қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабылды. Бұл туралы ақпарат таңғы жеті кезінде Шығыс Қазақстанның өзендеріндегі су деңгейі туралы соңғы мәліметтермен бірге келіп түсті. Су деңгейі әлі де көтеріліп келеді.

Қатон-Қарағай ауылдық округінде түнде Сарымсақты өзенінің суы басқан «Баян» емделу орнына қарай шайылған жол учаскесі қалпына келтірілді.

Қатон-Қарағай ауданының тағы бір ауылдық округінде, Өріл ауылының солтүстік-батыс жағында Бұқтырмадағы су деңгейінің көтерілуінен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Жергілікті әкімдікпен түнде жағалауды күшейту жұмыстары ұйымдастырылып, гравийден 20 метрлік дамба салынды. ТЖ-дан хабарлағандай, Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі шамамен 30-50 см-ге төмендеген. Үйлерді су басу қаупі төмендеді.

Зыряновск ауданында Тұрғысын өзенінде таңғы жеті кезінде су деңгейі 216 см-ді құрады.

Соңғы жаңалықтар