Қайрат Әбдірахманов: Қазақстан ЭКСПО кезінде Астана процесінің келесі кезеңін қабылдай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Сирия ахуалын бейбіт реттеу бойынша Астана процесінің келесі кезеңін қабылдай алады деп есептейді.
«Астана процесінің өтетін күнін және орнын ауыстыру туралы мәселе алдымызда тұрған жоқ. Менің ойымша, Қазақстанда ЭКСПО барысында Астана процесінің келесі кезеңін өткізуге қауқары бар», - деп атап өтті министр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада өтіп жатқан екікүндік келіссөздерден кейін кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркия Сирияда қауіпсіз аймақ құру туралы меморандумға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.
Астана процесі қатысушыларының келесі кездесуі шілдеде өтеді .
«Оның алдында Анкарада сарапшылар деңгейінде бір кездесу өтеді. Барлық мерзімдер сақталуда. Біз Сирия аумағында деэскалация аймақтарының құрылуын көздейтін жоғарыда аталған меморандумды жүзеге асыру мақсатында өткізілетін келесі кездесулер кезеңін ұйымдастыру жұмыстарын дайындап жатырмыз», - деді Қ. Әбдірахманов.