Қайрат Қасым Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы болып Қайрат Қасым тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қ.Қасымды жеке құрамға Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев таныстырды.

Қасым Қайрат Жарылқасынұлы 1977 жылғы 6 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданының Мерке ауылында туған.

2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін, 2007 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетін, 2019 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының магистратурасын бітірді. 2020 жылдан бастап Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының адъюнктурасында оқуын жалғастырды.

Азаматтық қорғау органдарында 2010 жылдан қызмет атқарып келеді.

Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің Тұрғындарды және аумақты қорғау басқармасының аға офицері лауазымынан бастады. 2011-2015 жылдар аралығында Азаматтық қорғаныс департаментінің Әскери-жұмылдыру жұмысы және әскери бөлімдер басқармасының аға офицері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша командирдің орынбасары, ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасының тұрғындарды және аумақты қорғау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

2015-2022 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, ал 2022 жылдың маусым айынан 2023 жылдың шілде айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.


Соңғы жаңалықтар