Қайрат Мәми Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустенді қабылдады

ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы,
None
None

Елші Норбер Жустенді оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Қ.Мәми еуропалық дипломатты табысты қызметі үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Еуропа ынтымақтастығын амытуға қосқан қомақты үлесін атап өтті.

- «Еуропа Одағы Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады»,-деді Қ.Мәми және ол Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы екіжақты ынтымақтастықты сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейге көтерудің шынайы мүмкіндіктеріне ие,-деп атап өтті.

Жоғары деңгейдегі үнқатысудың дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өте келіп, төраға Еуропа Парламентімен парламентаралық байланыстарды одан әрі белсенділендіру жайында айтты.

Алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысты төраға оның халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес өтетініне сенім білдірді. «Сайлау ашық, айқын және демократия тұрғысында өтетін болады»,-деді Қ.Мәми.

Төрағаның пікірінше, Конституциялық кепілдігі бар көппартиялық Парламенттің қызметі Қазақстандағы демократиялық жаңаруларды одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор мүмкіндіктер бар екенін айта келіп дипломат: «біздің бір-бірімізден үйренеріміз көп», деді.

Н.Жустен Қазақстанды тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады және осыған байланысты «қазақстандықтардың өз жетістіктерімен мақтануға хақы бар», деді.

Соңғы жаңалықтар