Қайрат Мәми Венециялық комиссияның отырысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми 21-22 наурызда өткен Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венециялық комиссия) 98-отырысына қатысты.
None
None

Өз сөзінде Қ.Мәми комиссия мүшелері мен құрметті қонақтарға Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ қазіргі таңда Қазақстанда сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыру, құқық үстемдігін күшейту жөніндегі ұсыныстардың қолданыстағы заңнамаға жүйелі түрде енгізіліп жатқандығын атап өтті.

Отырыс шеңберінде Жоғарғы Сот төрағасы Венециялық комиссия төрағасы Джанни Букиккиомен және оның хатшысы Томас Маркертпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Венециялық комиссия арасындағы судьялардың тәуелсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырудың негізгі бағыттарын қарастырды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар