Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» бас бапкері қызметіне келді

АСТАНА.KAZINFORM — Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 

Қайрат Нұрдәулетов
Фото: «Жетісу» футбол клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.

Одан кейін Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 11-орынға тұрақтады.

Қайрат Нұрдәулетов биыл 4 шілдеде «Оқжетпестің» бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Ол бұл қызметте Андрей Ферапонтовтың орнын басқан.

Өткен маусымда көкшетаулық клуб 35 ұпай жинап, КПЛ турнир кестесінде сегізінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар