Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалады - Сот қаулысы

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты Қайрат Нұртастың бұзақылық ісі бойынша қаулы шығарды.

Сот отырысы
Фото: Видеодан алынған скрин

«Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков және Асылбек Бақытжанұлы Бекқайыров арасындағы бітімгершілікке келу туралы келісім бекітілсін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабының 1-бөлігі бойынша Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты іс екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылсын», - деп жазылған сот үкімінде.

Сондай-ақ Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындалды.

Бірақ Қайрат Нұртас 15 тәулік мерзімін тағы да қысқартуға мүмкіндік сұрауда.

Еске сала кетсек, «Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған еді.

Бұған дейін сот отырысының қалай өткені баяндалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар