Қайрат Нұртас Жаңа жылда «жасырын» кеште болмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әншінің жаңа жылдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қайрат Алматыдағы концерттен кейін әлі демалған жоқ. Семейге барып, ол жақтан Атырауға ұшты, үш күн сонда болып еді, Шымкентке шақыртты. 31 желтоқсан Астанада болады - жабық жаңа жыл кешінде. Отбасымен бола алмайды. Бірақ, бұл әлі де нақты емес», - деді Қайраттың анасы.

Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова әншінің бұған дейін жаңа жыл кештерінде отбасымен қалай қарсы алғанын да айтты.

«Бұған дейін де, былтыр да тура 12.00-де үйге үлгеріп келіп, қарсы алып, сосын кетіп қалатын. Тура 12-де Қайрат бізбен бірге болатын. Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін қайтадан шарасына кетіп қалатын», -деген әншінің анасы ҚазАқпарат оқырмандарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Жаңа жыл әр отбасына береке, ырыс алып келсін. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар