«Қайрат» U-19 командасы Жасөспірімдер лигасында «Реал Мадрид» жастарымен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық «Қайрат» U-19 UEFA Жасөспірімдер лигасы негізгі кезеңінің екінші турында «Реал Мадрид» U-19 клубынан жеңіліп қалды.

«Қайрат» U-19 командасы Жасөспірімдер лигасында «Реал Мадрид» жастарымен кездесті
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл кездесуде алматылық футболшылар қарсыласына 1:4 есебімен жол берді. 
«Қайрат» U-19 — «Реал Мадрид» U-19 (Испания) — 1:4

Голдар: Исмаил Бекболат 58 — Хайме Портерос 8, Виктор Вальдепеньяс 18, Роберто Мартин 38, Якобо Ортега 77.

Олар алғашқы турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) клубына 2:3 есебімен есе жіберген еді.

Енді олар алдағы ойынын 21 қазанда Кипрдің «Пафос» U-19 командасына қарсы өткізеді.
Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.

Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар