Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кайяк жарысында Н.Сергеева жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 200 метрге кайякпен жарыста Наталья Сергеева жартылай финалға өтті.

Кайяк жарысында Н.Сергеева жартылай финалға жолдама алды

36 жастағы Н.Сергеева  43,257 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында бесінші орын, ал жалпы тізім бойынша 30 спортшының ішінде 19-орынға қол жеткізді. Жартылай финалдық жарыстар Астана уақытымен сағат 16.51-де басталады.