«ҚазАгро» 60 млрд. теңгеге қолдау жасайды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл «ҚазАгро» холдингі ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін қолдау мақсатында 60 млрд. теңгенің бюджеттік несиелерін беруге даяр.
Ал мемлекеттік қорға астықты сатып алу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясының 13,7 млрд. теңгесі тартылады.
Айта кетейік, «ҚазАгро» холдингті бұған дейін берілген несиелердің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылады. Бүгінде барлық қарыздарды қайтару мерзімдерінің ұзарту сомасы 25,8 млрд. теңгені құрап отыр. 2013 жылдың соңында бюджеттік несие бойынша холдинг міндеттемелерін уақытылы өтеу қажеттілігіне байланысты ұйымдасқан нарық капиталынан қаржылық ресурстар тартылады. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 8% құрайтын болады. Сондай-ақ биыл өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 31,4 мллд. теңге бөлінеді.