«ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды аталған холдингтің баспасөз қызметінен.
None
None

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен - желтоқсанның 8 № 9-2/644 Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен Басқарма төрағасы Д.Н.Айтжановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Басқарма төрағасының міндетін атқару Басқарма төрағасының орынбасары Д.С.Махажановқа жүктелді.

Махажанов Дәурен Сәбитұлы 1980 жылдың 18 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасында білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдарды Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде қызмет жасаған: Петропавл қаласындағы «Казкоммерцбанк» АҚ, Алматы қ. «АТФ Банк» АҚ, Астана қ. «Альянс Банк» АҚ. 2012 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметтерінде жұмыс істеді.

2012 жылдың қазанынан «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2014 жылдың 10 желтоқсанынан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болған.

Соңғы жаңалықтар