«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 28 мамырдағы жалғыз акционердің шешімімен және Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Холдинг ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлының қаржылық институттарда, сонымен қатар «ҚазАгро» Холдингінің құрылымдарында жұмыс істеудің үлкен тәжірибиесі бар екендігін атап өтті. Министрдің сөзіне сәйкес бүгінгі күні Холдинг пен оның жаңа басшысының алдында үлкен тапсырмалар тұр. Оның ішінде - 2011-2020 жылдарға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ даму Стратегиясына еншілес компаниялардың қызметін оңтайландыру мен оның орындалуын бағалауды ескере отырып өзгерістер енгізу.

Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы 1971 жылдың 17 қыркүйегінде Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлкеттік университеті экономика факультетінде білім алған.

Еңбек қызметін 1995 жылы «Тұран Банкінде» бастаған. Әр жылдарда «АТФ Банк» ААҚ, «ASTANA CAPIТAL InvestmentGroup» ЖШС басшы қызметтерінде болған.

2009 жылдан бері «ҚазАгро» Холдингі жүйесінде қызмет етуде: «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2015 жылдың мамыр айынан «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар