Қазагромаркетинг әулиекөл ірі қара малын сату бойынша аукцион өткізеді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазагромаркетинг» әулиекөл тұқымды ірі қара малды сатуға арналған аукцион өткізеді. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

2013 жылдың 8 маусым күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалевка ауылында әулиекөл тұқымды ірі қара малды сатуға арналған алғашқы аукцион болып өтеді.

Аукционды ұйымдастырушысы - «Қазагромаркетинг» АҚ. «Москалевское» ЖШС директоры Зейнолла Жаңбыршынов сатылымға 30 бас бұқа мен 20 қашар шығарғалы отыр.

Әулиекөл тұқымды ірі қара малдың жоғары сұранысқа ие болуы аукционға қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналады деген болжам жасауға негіз болып отыр.

50 бас малдың суреттері мен сипаттамасынан тұратын аукцион каталогымен www.apkset.kz сайтынан танысып шығуға болады.

Соңғы жаңалықтар