Қазақ балалары Нью-Йоркте Наурыз мерекесінің мерейін асқақтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте ҚР Бас консулдығы мен «Қазақстандық-американдық Альянс» коммерциялық емес ұйымының мұрындық болуымен ұйымдастырылған Наурыз мейрамына көптеген нбю-йорктіктер жиналды, деп хабарлайды консулдықтың баспасөз қызметінен.
None
None

Шараның басты кейіпкерлері қазақ фольклоры мен ұлттық композицияларын орындаған «Көкіл» ұжымының жас өнерпаздары болды. Олар қазақстаннан әдейі келіп, Көктем мерекесін ала келді.

«Бүгінгі жиналған қауым ән мен әуездің әсерінен ерекше рахат алды, көктемнің шарапатын сезінді. Бұдан кейін олар Наурыз мейрамын да, қазақстандық өнерпаздардың жаңа концерттерін де асыға күтеді деп ойлаймын», - деді Бас консул Раушан Есболатова.

 

Соңғы жаңалықтар