Қазақ халқының ұлтаралық шыдамдылық қасиеті - оның шынайы болмысы - Қазақстан халқы ассамблеясы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференцияны ашқан Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов алғаш рет өткізіліп отырған тарихшылар форумы аясында ортақ тарихты зерттеу және оған жаңаша тұрғыдан үңілу мәселесін ерекше атап өтті. «Осы тарихтың бәрімізге ортақ тұсы ол - қуғын-сүргін жылдары. Сол кезде қазақ халқы әлсіреген жоқ. Оның, ұлтаралық шыдамдылық қасиеті тоталитарлық режимнің нұсқауымен емес, оның шынайы болмысы негізінде көрінді. Қазақ халқы қоныс аударған ұлттардың тілін түсінбесе де, олармен бір үзім нанды бөлісіп, баспана берді. Қылышынан қан тамған тоталитаризм жүйесі бұндай әрекеттердің қылмыс ретінде қарастырса да, қазақ халқы қуғынға ұшыраған отбасыларға көмек беруден тайынбады. Бұл менің сөзім емес, бұл - тарихтың сөзі. Қазіргі кезде бұл тарих біздің ұлтаралық келісімнің негізін құрап отыр», - дейді Е.Тоғжанов.
Айта кетейік, «Тарихтан - тағылым, өткенге - тағзым» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылып отырған конференция барысында «30-50 жылдардағы Қазақстан халықтарының депортациясы» және «КарЛАГ» ғылыми жобаларының таныстырылымы өтеді.