Қазақ киносы Париж төрінде: Францияда Қазақстан киносы күндері басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Парижде Қазақстан киносы күндері басталды. 17-19 қыркүйек аралығында француз көрерменіне отандық киноның классикалық туындылары мен заманауи фильмдер ұсынылады.

Қазақ киносы Париж төрінде: Францияда Қазақстан киносы күндері басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кино күндері көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен басталды. Режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай туындының 4K форматында реставрациядан өткен нұсқасы көрсетілді.

Заманауи қазақстандық кино «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдерімен таныстырылады. Екі туынды да мемлекеттік қолдаумен түсірілген.

Қазақ киносы Париж төрінде: Францияда Қазақстан киносы күндері басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Француз көрермені Қазақстан киносы күндері аясында отандық кинематографияның әр жылдары түсірілген туындыларын тамашалайды.

Бағдарламада қазақ киносының классикалық туындыларымен қатар, жаңа буын авторларының кейінгі жылдардағы жұмыстары да қамтылған.

Қазақ киносы Париж төрінде: Францияда Қазақстан киносы күндері басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ бағдарлама аясында қазақстандық кинематографистер француз көрерменімен шығармашылық кездесулер өткізіп, екі елдің кино саласындағы кәсіби байланыстары мен мәдени диалогты дамыту жайын талқылайды.

Қазақ киносы Париж төрінде: Францияда Қазақстан киносы күндері басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұдан бұрын Қазақстанда жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың арқасында бес көркем фильмнің өндірісі аяқталғанын жазғанбыз. Жыл соңына дейін тағы 17 киножобаны аяқтау жоспарланып отыр.