Қазақ күресі: Қазақстан құрамасы әлем кубогін 6 алтын медальмен аяқтады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Бүгін Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде қазақ даласының даңқты батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогі өз мәресіне жетті.

күресі
Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

Аталған доданың екінші жарыс күні ел қоржынына тағы 3 алтын медаль түсті. Бүгін балуандар төрт салмақта сынға түскен болатын.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған балуандарымыз арасында Марат Нығматуллаев финалда қырғызстандық Тұғол Канатбекұлын қапы қалдырып, чемпион атанды. Ал үздік үшінші орындарды отандастарымыз бағдат Орақбай мен Бекзат Амзебек өзара бөлісті.

күресі
Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

74 келі салмақта сынға түскен балуандардан қазақстандық Жұмажан Қожамбековке тең келер ешкім болмады. Ол финалда отандасы Ерасыл Бақдәулеттен басым түсті. Үшінші орындарға Елбек Тожиев (Өзбекстан) пен Пурия Асадолла Шокри (Иран) ие болды.

күресі
Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

90 келі салмақтың бас жүлдесін Тәжікстан балуаны Хақназар Назаров жеңіп алды. Ол финалда қазақ балуаны Енбек Сақтағановтан айласын асырды. Үздік үшінші орындарға қос бірдей қазақ балуандары Ерасыл Мержанов пен Олжас Исаханов қол жеткізді.

Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен балуандар арасында қазақстандық Нұрсұлтан Қабалаң топ жарды. Ол финалда тағы бір қазақ балуаны Мұхтар Дәлелханұлынан басым болды. Үздік үшінші орындарға отандасымыз Сардар Әбдисамитұлы мен Грузия балуаны Придони Шарикадзе қол жеткізді.

күресі
Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

Осылайша, Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогінің соңғы жарыс күні қазақ балуандары 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен аяқтады.

60 келі

І орын - Марат Нығматуллаев (Қазақстан)

ІІ орын - Түғол Канатбекұлы (Қырғызстан)

ІІІ орын - Бағдат Орақбай (Қазақстан)

ІІІ орын - Бекзат Амазбек (Қазақстан)

74 келі

І орын - Жұмажан Қожамбеков (Қазақстан)

ІІ орын - Ерасыл Бақдәулет (Қазақстан)

ІІІ орын - Елбек Тожиев (Өзбекстан)

ІІІ орын - Пурия Асадолла Шокри (Иран)

90 келі

І орын - Хақназар Назаров (Тәжікстан)

ІІ орын - Енбек Сақтағанов (Қазақстан)

ІІІ орын - Ерасыл Мержанов (Қазақстан)

ІІІ орын - Олжас Исаханов (Қазақстан)

+100 келі

І орын - Нұрсұлтан Қабалаң (Қазақстан)

ІІ орын - Мұхтар Дәлелханұлы (Қазақстан)

ІІІ орын - Сардар Әбдисамитұлы (Қазақстан)

ІІІ орын - Придони Шарикадзе (Грузия)

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жарыстың алғашқы күні қазақстандық балуандар тағы 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар